Қаратал  ауданы әкімінің аудандық кітапханасы

      
cropped-img_63732ХХІ ғасыр руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры екені әлемдегі адамзатқа белгілі және оны мойындауда. Қай қоғамның тұрақты дамуында мәдениеттің  алар орны зор екенін алға тартсақ, біздің рухани тынысымыздың өзекті мәселелерінің бірі – кітапханалар жағдайы.
Заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды кітапхана жұмысында кеңінен қолданып, кітапханалардаң бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы екендігін дәлелдеп, беделін көтеру.
Ақпарат көздерін, әмбебап құжаттардың толық жинағын, оқырмандарға әлемдік, ұлттық мәдени, рухани құндылықтарды насихаттай отырып, жергілікті қоғамда кітапхананың міндетті түрде қажеттілігін дәлелдеу.
Қазіргі таңда оқырмандардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше.
Сондықтан аудан    бойынша кітапханалар төмендегідей жұмыстарды атқарады :

      Қаратал  аудандық  кітапханасының  тарихына  үңілсе  1000  дана  кітап  қорымен  1934 жылы  құрылып, ашылған. Оның алғашқы  директоры    білікті де  талапты, жастарға  іскерлігімен,ойының  тереңдігімен  үлгі  болған  Раиса  Бектурова Омарқызы болды.

          Жетпісінші  жылдары   кітапханада  басқа  да   жаңа : кітап  қорын  өңдеу  , әдістеме, анықтама-библиографиялық бөлімдері ашылды. 1978  жылдың  1  наурызында  орталықтандырылған  кітапхана жүйесі  құрылып,  құрамына  36, кітапхана  енді оның ішінде 31  ауылдық кітапхана  енді. Жалпы кітапхана  қызметкерлерінің  саны  55  адам болды.    Кітапхананың  қалыптаса  бастағанынан  бері  оның  қабырғасында өз ісіне берілген  және  оның  тарихына  із  қалдырған  жандар  көп болды. Олар- Р.О.Бектурова, М.А.Хайбулина, К.Т.Омарғазинова, М.Б.Түсипова, Л.М.Вдовина, Т.И. Китова, Г.Митина  тағы  басқалары. 1990  жылдары  нарықтың  қыспағына  түскен  мәдени  ошақтарының   қилы  кезеңі  ауыр  салмағын  салды.      Аудан бойынша 1991  жылы   кітапхана    жүйесіндегі  барлық  кітапханалар жабылып,қаражаттың   тапшылығына  байланысты 28  кәсіби  маман   қысқартуға    ілікті.     Орталықтағы екі  мемлекеттік:   аудандық  кітапхана және  балалар  кітапханасы сақталды.Бұл  кездері  аудандық  кітапхананы   З.Е.  Жампеиісова  басқарды.Қазіргі таңда   ордалы білім  шаңырағын   Сембекова Гүлшат Нұрахметқызы  басқаруда.     Әрине, кітапхананың  кітап  қоры , күнделікті  ақпарат    таратушы  мерзімді    басылымдар   қызмет  көрсетудегі  басты  құрал  болып  табылады.Осы орайда  кітап  қорын  толықтыру  мақсатында   жыл  сайын  «Кітапханаға  кітап  сыйлайық»  атты  акция  ұйымдастырылып, оның  қатары  жерлес  қараталдық  ақын-жазушылар шығармасымен  толықтырылып отырады. Кітапханада   іс –шара жұмыстары  өткізіліп, ұйымдастырылған  ашық  кітап   көрмелері оқырмандар  көңілінен  шықты. 

      Алматы  облысы  бойынша  аудан  кітапханалары  арасында    «2003-2005 жжыл.-Ауыл жылдары»  бағдарламасы  аясында  ұйымдастырылған  «Ауыл  өмірі»  энциклопедиясы  байқауында   қызметкерлердің  шығармашылық  ізденістері үшін  облыстық  байқау  жеңімпазы  деп  танылып   бірінші орынға  ие  болды.        Алматы  облыстық  мәдениет  басқармасына қарасты  С.Сейфуллин  атындағы  әмбебап  кітапханасы    Қазақстан  Респуликасы  тәуелсіздігінің  15  жылдығына  орай ұйымдастырған «Жыл көрмесі-2006»  байқауында  аудандық  кітапхана ұжымы  дипломмен  марапатталды.         2013 жылы  ҚР  Ұлттық  кітапханасы  және  М.Әуезов  Қарының  ұйымдастыруымен  аса  көрнекті  жазушы  қазақ  әдебиетінің  классигі  М.О.Әуезовтың   115  жылдығына  орай  өткен  «Мұхтар  Әуезовты  оқимыз»  халықаралық  акциясына  белсенді  қатысқаны үшін Қаратал  аудандық  кітапханасы  марапатталды.     Кітапхана ардагерлері  Б.Спанбетова, Г.Митина  Алматы облыстық Мәдениет  басқармасының «Кітапхана ісінің үздігі» атағына және  Құрмет грамотасына ие болды.      2008 жылдың қаңтар  айынан бастап, жабылып қалған 8 ауыл  кітапханасы     ашылып, осылайша  ауданда 10  кітапхана  тұрғындарға  қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда Қаратал  ауданында      он  кітапхана  бар олар :

1. Аудандық  кітапхана
2 .Ф.№3 Балалар кітапханасы 
3. Ф.№1 Елтай  ауылдық  кітапханасы.
4. Ф.№2 Ескелді ауылдық кітапханасы.
  1. Ф№4 Жаңаталап ауылдық кітапханасы
  2. Ф.№5 Қанабек ауылдық кітапхансы
  3. Ф.№6 Тастөбе ауылдық кітапханасы
  4. ф.№7 Алмалы ауылдық кітапханасы
  5. ф.№8 Қызылбалық ауылдық кітапханасы
  6. ф.№9 Көкпекті ауылдық кітапханасы

 Аталмыш  кітапханалар    қоры  183559  дана ,оқырман  саны 7914.

   Алдағы жылдары  кітапханада   автоматтандыру  қызметін  өркендетіп, интернет-класс ашып , электронды технология  жүйесін енгізіп,  мекеменің  материалдық -техникалық базасын нығайтуды, кітап  қорын  одан  әрі  толықтыруды ,оқырмандарды  осы шаңыраққа көбірек тарту, олардың  сұраныстарын  қанағаттандыруға  бар күш жігерін    ортаға салу   мақсаты  қойылуда.  Кітапхана — ол тек қана кітап қоймасы емес, сонымен бірге көпшілікті оқу мәдениетіне тәрбиелеу мектебі,  мәдениет пен білім ордасы. Кітап қорын қалыптастырып,сақтау.