Ардагер ардақталды

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясының  «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Алматы облысы Қаратал аудандық  филиалына қарасты «Денсаулық» бастауыш ca40f1d61480b318bdd5d08960c48316 (1)партия ұйымының атауын ҰОС-ңың ардагері, Кеңес Одағының батыры И.В.Косенковтың атына ауыстыру бойынша БПҰ-ның жиналысы өтті. Шараға Кеңес Одағының батыры, партия мүшесі И.Косенков, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Мұқанов, Қаратал ауданының әкімі Қ.Бисембаев, аудандық мәслихат депутаттары, партия мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе БПҰ-на ҰОС-ңың ардагері, Кеңес Одағының батыры И.Косенковтың есімін беру болды.

Қаратал аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Рысбек Тапенов:

-.«Біздің ұжым мүшелері аталған бастауыш партия ұйымының атауын Қазақстандағы көзі тірі жалғыз Кеңес Одағының батыры Иван Васильевич Косенков есіміне ауыстыру жөнінде облыстық партия филиалына ұсыныс жолдаған болатын. Бүгінгі жиналыста аталған мәселе көпшілік дауысқа салынып, бір ауыздан мақұлданды. Бастауыш партия ұйымына батыр жерлесіміздің есімі беріліп жатқанына ұжым мүшелері қуанышты», — деген ойын білдірді.

Сондай-ақ, көп жылдан бері аталған БПҰ-на жетекшілік еткен Күлмайра Сағындықова өз сөзінде «Бұл бастауыш партия ұйымы 1999 жылы құрылған. Ол кезде небәрі қатарымызда 55 адам ғана болатын. Бүгінде 433 партия мүшесіне дейін жетті. Иван Васильевич Косенков атындағы бастауыш партия ұйымы тек үздіктердің қатарынан көрінеді деген сенімдемін», — дейді партия мүшесі.

Айта кететін жайт, сұрапыл соғысқа Жетісу жерінен 120 мың адам аттанса, олардың арасынан 53 азамат «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болған. Бүгінде еліміз бойынша көзі тірі тек Иван Васильевич Косенков. «Алтын Жұлдыз» ордені, Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерінің, «Қаратал ауданының қНур Отан фотоұрметті азаматы», «Құрметті теміржолшы» атақтарының және «Құрмет» Орденінің иегері Иван Васильевич Косенков 92 жаста.

Кездесу соңында аудан әкімі соғыс ардагеріне арнап арнайы ескерткіш орнату ұсынысын жеткізді.

Ардагер ардақталды: Один комментарий

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s