Қосжанов Сейдахмет

3Қосжанов Сейдахмет,
Ұлы Отан соғысының ардагері
Қаратал ауданының құрметті азаматы.
1920 жылы 14 желтоқсанда Атыраудағы Жиделі ауылында туған. Жасынан жетім қалып , Үштөбе, Есік, Жаркенттегі балалар үйінде тәрбиеленген.
1937-1941 жылдың шілдесіне дейін Қапал ауылында мұғалімдер дайындайтын училищеде оқыған. Одан кейін 1941 жылы 20 тамызда Фрунзе қаласындағы офицерлер дайындайтын әскери училищеге оқуға түседі.
Артынан әскер қатарына шақырылып, 1943 жылдың 25 ақпанына дейін Алматы қаласында қазақтың 8-Ұландар дивизиясының 5-Ұландар ротасында саяси жетекшінің орынбасары болып қызмет атқарады.
943 жылдың ақпан айында Калинин облысы , Красный холм қаласында шабуылға қатысып, ауыр жарақаттанды. 1943 жылы 1 қыркүйекте 2-топтағы Ұлы Отан соғысының мүгедегі болып, елге оралды.
1944 жылғы 1 қаңтардан 1951 жылдың наурыз айына дейін холхоз шауашылығының басшы орындарында , 1951 жылдан 1982 жылға дейін басшылықтағы партия, кеңес жұмыстарын атқарды.
Қоғамдық негізіндегі Елтай ауылдық округіндегі ақсақалдар кеңесінің тӛрағасы.
Майдандағы ерліктері үшін 1 дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және еңбектегі ерлігі үшін 20-ға тарта медальдармен марапатталды. 1979 жылы «Ӛлкелік дербес зейнеткер» деген атақ берілді. Елбасының Құрмет грамотасының иегері. Облыс, аудан әкімдерінің кӛптеген Алғыс хаттарымен марапатталған.
Сейдахмет Қосжанұлы жалпақ жатқан Жетісудың аңыз әрі абыз ақсақалдарының бірі, ӛмірден кӛргені мен түйгені мол ағып тұрған шежіреші, ұзақ жылдар жинақтаған аңыз бен әпсана, ертегі мен тәмсілге, бата мен ӛсиетке толы «Жиған-терген қазынам» атты кітабы жарық кӛрген.
Бүгінде Қаратал ауданының Елтай ауылында тұрып жатыр.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s