Шүкенов Шертай Шәкенұлы

5Ұлы Отан соғысының
ардагері
1925 жылдың 1 шілдесінде қасиетті Қаратал ауданы атанған әулиелер жеріндегі «Красный Восток» қазіргі Қанабек ауылында дүниеге келді.
Орта білім алғаннан кейін туған ауылында слесарьдың кӛмекшісі болып жұмыс істеді. Темірден түйін түюді арман еткен жас жігіт алдағы соғыста да ӛмірі темірмен байланысты болатынын білген жоқ еді . Ӛйткені жӛндейші мамандығы сол кезде қат кәсіптің бірінен саналатын.
1942 жылы әскер ақтарына шақырылды. Қатардағы жауынгер Приморец ӛлкесіндегі майданның 1590-зенитшілер дивизиясына жіберіледі. Бұл жерде зенитшіліктің қыр-мсырын үйреніп, майдан даласына оқтаушы болып аттанады.
Соғыс кезінде Қараталдың қыраны, қазақ халқының ұланы ретінде намысты қолдан бермеді. «Ерді намыс ӛлтірер, қоянды қамыс ӛлтірер» деген қанатты сӛзді майдан даласында растығына кӛз жеткізді. Ӛзіне Бауыржан Момышұлы , Тӛлеген Тоқтаров сынды батырларды үлгі еткен ол талай сыннан сүрінбей ӛтті., жетісулық жауынгер Жеңіс туы желбіренгенше қолынан колынан қаруын тастамай , елге, жерге деген парызын адал ақтап шықты.
1948 жылы елге оралғаннан соң 1988 жылға дейін теміржолда жұмыс істеген. 1954 жылы Шу қаласындағы техникалық мектепте оқып, Үштӛбе станциясындағы агондарға техникалық бақылау жасау пунктінде аға мастер қызметін атқарған. Тоғыз жолдың торабы болмаса да Үштӛбе ежелден Транссібір болат жолындағы ерекше бекет саналатын. Осында қызмет атқарған Шертай Шүкенов ӛзіне тапсырылған істі әрқапшан мұқият орындап, бірнеше мәрте социалистік жарыстың озаты атанды.
Еңбек еткен жылдары басшылықтың мақтау қағазына талай рет ие болды. Майдандағы ерліктері мен еңбектегі табыстары үшін кӛптеген наградалардың иегері атанды.
Жұбайы екеуі 3 бала тәрбиелеп ӛсірді. Осы күнге олардан немерелер мен шӛберелер кӛріп отыр.
Бүгінде Қаратал ауданы Үштӛбе қаласында тұрып жатыр.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s