Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері!

Жетісулық Кеңес Одағының батыры

Иван Васильевич Косенковтың сұрапыл

Соғыстағы жанқиярлық ерлігін, ел жұртының

оған деген ізгі құрметі мен ыстық ілтипатын

баяндайтын естеліктер топтамасы.

Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері!

Адамзат тарихындағы ең бір сұрапыл да алапатты саналған екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанына да биыл табаны күректей жетпіс жыл толғалы отыр.  Басқыншылық саясатты ұстанған дұшпанды күйрете жеңгендердің жауынгерлік сапынан көрін3е білген, біздің қастер тұтар даңқты аталарымыз бен әжелерімізді әрдайым мақтаныш тұтамыз. Қолына қару ұстанғандар қан майданда жаумен кескілесе шайқасса, ал қолына орақ пен балға ұстағандар тылда аянбай еңбек етті. Солардың қатарынан Жетісу өңірінен шыққан, қазіргі кезде ортамызда жүрген Кеңес Одағының батыры Иван Васильевич Косенковтың да жарқырай көрінуі бүгінгі ұрпақ үшін зор мәртебе деп білемін. Ерлік қашан да елге-мұра, ұрпаққа-аманат болды, бола да бермекші.

Арамызда асқар таудай болып жүрген Иван Васильевичті ардақ  тұта отырып, баршаңызды алдағы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтаймын! Біздер аға буын өкілдері  Сіздердің 1941-1945 жылғы сұрапыл соғыстағы жанқиярлық ерліктеріңіз  бен бейбіт тылдағы жанкешті еңбектеріңіздің  ерен өнегесі бүгінгі жас ұрпақты патриоттық тұрғыда, Отансүйгіштік рухта тәрбиеленудің баға жеткісіз үлгісі әрі құралы деп білеміз. Аспанымыз қашан да ашық болсын! Соғыс және еңбек ардагерлеріне көрсетілер құрмет еселеніп, көбейе түссін! Сіздер біздің мақтанышымызсыздар! Шежіре кеуде, тау мүсін, қазыналы қарттар мен ақ жаулықты аналар марқайып, жасай беріңіздер. Ғұмырларыңыз ұзақ, отбасыларыңыз аман, жүздеріңіз жарқын болсын!

 

 

Ізгі тілекпен:                                                       

Алматы облысының әкімі                                  Амандық Баталов

                                                                                           1.03.2015 жыл.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s