Ізгі қасиеті – қарапайымдылығы

Ізгі қасиеті – қарапайымдылығы

Жас буынның өкілі ретінде бір аңғарғаным заманында елін қорғап, батыр атанғандардың  бойындағы астасып жататын ержүректік пен қатар  қарапайымдылық екен. Осы бір асыл қасиет бүгінгі күні арамызда әлі де сергек қалпында жүрген,

????????????????????????????????????

республикамыздағы бірден-бір Кеңес Одағының батыры, аңыз адам Иван Васильевичке де тән екендігіне өз басым  көз жеткізген  едім. Оқиға былай болған еді. Мен ол тұста 2007жылы аудан әкімінің  орынбасары болатынмын. Тәуелсіздік  жылдарының басындағы қаржылық, әлеуметтік ауыртпашылықтар кейінде қалып, ауданның экономикасы жақсарып , ел еңсесі тіктеле бастаған тұс. Үштөбе қаласының орталығы  Д. Қонаев атындағы даңғыл бойына кейінгі он жеті жылда қолға  алынбаған жаңа үлгідегі төрт қабатты тұрғын үй салынып, пайдалануға берілетін болды.  Басшылықпен ақылдаса отырып, бюджеттік сала қызметкерлеріне арналған зәулім үйдің төменгі қабаттағы тұрмысқа жайлы екі пәтерді аудан мақтанышы саналатын қос ардагер; Кеңес Одағының батыры Иван Косенков пен Социалистік  Еңбек Ері Төлеген Құлахметовтің  отбасына беруді ұйғардық. Бұл ұсынысымызды Төлеген ағамыз қабыл алды. Енді жаужүрек батыр ағамызды (ата десе жарасады) иландырып көндіру, келісімін алу керек болды. Осы мақсатты Пронин көшесіндегі майдангердің №82 жер үйіне барып, сұхбаттасуға тура келді. Осы тұста батырдың жасы 84-те, жұбайы Антонина Васильевна жанында. Қызмет бабымен бұл отбасындабұған дейін де болып жүргендіктен олар мені жылыұшырайқарсы алды. Қояр да қоймай дастархан жайды. Қызыл күрең шайды іше отырып, келген шаруамды айттым.  Мәселенің мән –жайына терең қаныққан Иван Васильевич түйінді жауабын былай жеткізді.

-Аудан басшыларының батыр деп маған және отбасыма жасап отырған  аялы қамқорлығына шексіз ризамын. Ал енді жаңа  жайлы пәтерге көшу туралы айтпағым, біздің үйренген, бауыр басқан үйімізде отыра бергеніміз жөн сияқты. Әлі де жүріп , тұра алатын шамамыз бар. Жазда үй  іргесіндегі ау бақшаға қараймыз, әрі таза ауа жұтамыз. Ұстайтын тауығымыз да бар. Әйтеуір төрт қабырғаға қамалмаймыз, ермек табылады. Бізге салсаңыздар, сол пәтерді үй-күйі жок жас отбасының біріне берсеңіздер. Пейілдеріңізге,, ниеттеріңізгешексіз рахмет! Жылы орнымыздан қозғалмағанымыз жөн сияқты, -деп тоқ етерін бірақ айтты.

????????????????????????????????????

Сол жолғы екеуара жарасты әңгімелесуден ұққаным-батыр атамыздыңжергілікті атқарушы органның «Алтын жұлдызды» ардагер деп тегіннен  тегін беріп отырған жайлы пәтерден бас тартуы арқылы ерекше қарапайымдылық танытуы еді. Қызылды-жасылды дүние байлыққа қызықпауымен батырлығын міндетсінбеуі, қарақан басын күйіттемеуінің  өзі неге тұрады десеңізші?! Әдетте батырдың екі сөйлемейтіні белгілі. Қош айтысып , сыртқа шықтым.

Кейін де қызмет бабымен Астанаға ауыстым. Сонда жүріп жеңістің 65 жылдығы қарсаңында өмірлік жарынан кенеттен көз жазып қалған батыр атамыз қаланың 9-шы шағын ауданындағы көп қабатты үйдің жайлы пәтеріне қоныс аударғанын , қызы Ольганың қамқорлығына бөленіп отырғанын естідім. Өмір дегеніміз бір орында тұрған ба, тәйірі. Облыс басшылығының ұйғарымымен мен де Қасиетті Қаратал өңіріне қайта оралдым. Ержүрек батыр мекендейтін ауданда тұрып, қызмет етіп жатқынымды мақтанышәрі мәртебе санаймын. Қарапайымдылық пен кісіліктің , парасаттылық пен данагөйліктіңерен үлгісін көрсете білгенИван Васильевич сынды ардақтымыз қашан да үлгі тұтар тұлғамыз, өнеге  етер абызымыз. Арамызда асқар таудай болып жүре беріңіз, тарихтың көзі тірі, аңыз шежіресі!

Қайрат Бейсенбаев

                  Қаратал ауданының әкімі.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s