Туған жерге туын тіккен

Туған жерге туын тіккен

Тұрған жерім де, туған жерімдей деп баянды бағасын беретін жанның бірі – Иван Васильевич. Ол отбасымен Үштөбеге көшіп келіп орныққан соң, табиғатына темір тәртіп тән болғандықтан  теміржолшы мамандығын таңдады. Сонау 1951 жылдан құрметті еңбек демалысына (1978ж.) шыққанға дейін Алматы орман ағаштарын отырғызу дистанциясының

????????????????????????????????????

Үштөбедегі бөлімшесінде жемісті еңбек етті. Мұнда да еңбексүйгіштігі мен іскерлігінің  арқасында қатардағы жұмысшыдан орман ағаштары мен көшеттерін отырғызу шебері (мастер) дәрежесіне көтерілді.

Иван Васильевичтің бригадасында бекітілген нысан – Үштөбе станциясының жанынан басталады.  Күріш даласы,  Қайрақты, 45-ші разьезд болып , Матай станциясына дейін жалғасып кете барады.  Табиғат-Ананың  құдірет күші дегенді қойсаңшы, осы екі аралықтағы жер бедері бірде сазды, тасты, көбіне көп құмдауыт болып келеді. Демек, ашық алаңқай жермен қыста қар борайды, көктем мен жазда еспе құм суылдайды. Ал мұның бәрі табиғат апатына әкеліп соқтыруы мүмкін. Ең қауіптісі Түрксіб магистралімен  күндіз түні бір тынбай оңтүстік шығыстан-Сібірге қарай  (Қазақстан мен Орта Азия республикаларына) ағылатын жүк және жолаушылар поездарының кідіріссіз  әрі ырғақты жүруіне қиындық  туғызуы ғажап емес. Ал мұндай төтенше оқиға, қатерлі  жағдайға жол бермеудің негізгі шартының бірі-болат жолдың қос қапталына орман мен бұта ағаштарынан берік етіп тосқауыл, қалқан жасау.

????????????????????????????????????
????????????????????????????????????

Батыр атаулы, онда да өткен ғасырдағы екінші дүниежүзілік соғыстың  көзі тірі Иван Васильевич Косенковтай қаһарманы кез келген қоғамдық құрылыста көрсетілер сый-құрметке әбден лайықты-ақ. Әлі есімде жылы мамырда  Жеңістің 50 жылдығына орай  Иван Васильевичке  тәуелсіз Қазақстанның «Құрмет» ордені, ал алпыс жылдықта «Ерен ерлігі үшін» медалі табысталды.  «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Жарлықпен берілген бұл награданың орны мендей майдангер, зейнеткер үшін тіпті бөлек»,-дейді ол ағынан ақтарыла. Үштөбе қаласының орталық  бір көшесі батыр есімімен аталатыны да мақтаныш.

Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945ж.) ерен жауынгерлік ерлігі үшін «Алтын Жұлдыздың» иегері атанған «Құрметті теміржолшы», «Қаратал ауданының құрметті азаматы» Иван Васильевич Косенков айдан аман, жылдан есен бола отырып, Ұлы Жеңістің  60 жылдық мерейтойына да шадыман күйінде жетіп отыр.

 

2005жыл.

 

                                                                    Күркіреп күндей өтті ғой соғыс…

                                                                                                          Қ. Аманжолов.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s