Лайықты марапат

Лайықты марапат

 

Ел тәуелсіздігінің  20 жылдығына орай Түрксібтің бел баласы, — Үштөбе қаласының байырғы тұрғыны, Алматы облысындағы қазіргі бірден-бір көзі тірі Кеңес Одағының  Батыры, «Қаратал ауданының құрметті азаматы» «Құрметті темір жолшы» Иван Васильевич Косенков «Қазақстан республикасының  Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік P1010614медалімен марапатталды. Осылайша  хас батырдың  омырауындағы егемендікке қол жеткен тәуелсісздік  жылдары иеленген «Құрмет» ордені мен «Ерен ерлігі үшін» медалінің қатары тағы бір айшықты наградамен толыға түсті. Бүгінгі таңда толықтай мемлекет қамқорлығына алынған  ерен ерге Үкімет наградасын Қаратал ауданының әкімі Сұлтан Дүйсембінов салтанатты жағдайда табыстап, қарт майдангерге зор денсаулық,  қажымас қайрат тіледі. Өз кезегінде даңқты батыр өзіне жасалып отырған тұрмыстық жағдайға, Елбасының  сарабдал саясатына аталық ризашылығын білдірді.

Изображение 062Өткен ғасырдың  1941-1945 жылдары адамзат баласына қисапсыз қайғы-қасірет әкелген Отан соғысына бастан-аяқ қатысып, жалындаған от пен ысқырған оқ көрген аға буынның суарылған құрыштан да бетер болып жаратылған өкілі бүгінгі таңда сексеннің сеңгіріне шықса да өзін сергек сезінеді. Хақ Тәңірінің шарапаты тиіп, ұзағынан сүйсіндіре  берсе, батыр ағамыз араға екі жыл салып (1923 жылы туған) тоқсан деген асуды да бағындырғалы тұр. Шағын қала-Үштөбенің ғана емес, күн шұғылалы Қазақстанның мақтанышы саналатын  Иван Косенковтың  өнегелі өмір жолы жастарды Отансүйгіштікке және патриоттық рухта тәрбиелеудің жарқын мысалы, ізгі көрінісі бола алады.

2011 жыл.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s