Батырдың есімі – партия ұйымына берілді

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Қаратал ауданында тарихи оқиға орын алды. Мерейлі мерейтой қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Қаратал ауИзображение 091дандық филиалына қарасты «Денсаулық» бастауыш партия ұйымына Кеңес Одағының Жетісу жеріндегі көзі тірі батыры Иван Косенковтың  есімі беріліп, қарт майдангерге бүгінгі ұрпақ атынан алғыс айтылды.

Осыған орай «Нұр Отан» партиясының облыстық және Қаратал аудандық филиалының ұйытқы болуымен аудандық  ауруханада салтанатты жиын өтті. Иван Васильевичпен жүздесіп, ерліктің елге мұра екендігін тағы бір мәрте дәріптеуге арналған шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Мұқанов, Қаратал ауданының әкімі Қайрат Бисембаев және тағы басқа ресми тұлғалар қатысты. «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлмайра Сағындықова партия ұйымының тарихына аз-кем тоқталып, оның енді батыр есімімен аталуы үлкен мәртебе һәм жауапкершілік  жүктейтінін айтты. Ол Иван Васильевич Косенковтің  Мәскеуден Болгарияға дейін жүріп өткен ерлікпен өрілген майдан жолынан сыр шертті. Осыдан кейін сөз алған Серік Мейірханұлы тарихта өшпес із қалдырған соғыс пен қан майданда теңдессіз ерлік танытқан жерлестеріміздің батырлығын тебірене еске алып, Иван Васильевичке жиылғандар атынан алғыс білдіріп, ұзақ ғұмыр тіледі. Сандай-ақ, түн ұйқысын төрт бөліп, перзенттік парызына адал болған қарт майдангердің қызы Ольга Черемныхқа ризашылығын жеткізіп, батыр есімін иеленген бастауыш партия ұйымына табыс тіледі. Сол жерде Ольга Черемных пен партия ұйымының бірқатар мүшесіне облыстық филиалдың Алғыс хатын табыс етіп, таяуда аудан тізгінін ұстаған Қайрат Әшірәліұлына  сәттілік тіледі. Аудан әкімі  бастауыш партия ұйымына майдангер есімін беру жөніндегі ұсынысты  қабыл алып, қолдағаны үшін облыстық филиалға алғысын жеткізіп,  үштөбеліктер атынан Иван Косенков құрметіне ескерткіш орнатылса дейтін ұсынысын жеткізді.  Бұл ұсыныс та өте орынды. Алайда, ескерткіш орнату үшін екі мәрте батыр атағын иеленуі керек. Даңқты жерлесіміз «Халық қаһарманы» орденімен марапатталса, бұл барлығымыз үшін үлкен мәртебе болар еді – деген Серік Мейіханұлы, халық тілегінің жауапсыз қалмайтынын атап өтті.

14141Жиында сондай-ақ, бастауыш партия ұйымының тағы бірнеше мүшесі ортаға шығып, ел шетіне жау келгенде ерлік танытқан  Иван Косенков пен барлық майдангер  рухына тағзым жасап, ардагерді ардақтауға шақырды.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s