Иван Васильевич Косенков

9___Жалынға оранған жастық

Қазақтың кең-байтақ, шұрайлы Семей өңірінің бұрынғы Бородулиха ауданында 1923 жылы шаруа отбасында дүниеге келген Иван Васильевич өз тұрғыластары сияқты мектептің 7-сыныбын еңбекке араласты. Жер жыртып, егін егіп, тракторшының тіркемеші – көмекшісі болды. Техниканың қыр – сырына жастайынан қанықты. Егінжай алқабындағы бейбіт өмірі ұзаққа созылмады. Орталық Еуропа мемлекеттеріне қанды тырнағын батырған фашистік Германия көп ұзамай Кеңестер Одағына да азуын біледі. Өмір мен өлім тайталасқа түскен Ұлы Отан соғысы бұрқ ете қалды.

косенков молодойИә, сол бір ел басына күн туған, ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен 1941 жылдың тамызында қаршығадай қағілез жігіт әскер қатарына шақырылды. Ең алдымен Семей қаласындағы «соғыс құдайы» саналатын артиллеристер дивизиясының кіші командирлер дайындайтын мектебінде оқыды. Осы жерден 76 миллиметрлі зеңбіректің көздеушісі әрі сержант атағын алып шығысымен қан майданға аттанды. Кеудесі дұшпанға деген ыза-кекке толы жас жауынгер Москва облысы, қазіргі Жаңа Москва қаласының жанындағы алғашқы шайқасқа 3-Украин майданы 333-ші атқыштар дивизиясы, 1118-ші атқыштар полкі, 76 милиметрлі зеңбірекшілер батареясының құрамында енді. Сұрапылды 1942 жылдың боранды да бұрқасынды ақпан айы болатын. Жаудың техникасы мен бекіністерін дәо көздеп атуда құралайды көзге атқан мергендігімен танылған Иван Васильевичтің ерлік істері қаруластары арасында кеңінен тарады. «Қырық жыл қырғын болса да ажалсыз өлмейді», — демекші, соғыс аяқталғанға дейін үш рет ауыр жарақат алды. Әйтсе де жауынгерлік сапқа қайта оралып отырды. Запорожье қаласын алудағы көрсеткен ерен ерлігі үшін І дәрежелі «Отан соғысы» орденінің иегері атанды.

 

Үскірік демінен от-жалын шашқан 1943 жылдың қазан айы. Алғашында Москва маңайында, бері келе Еділ бойы – Сталинградта күйрей жеңілген неміс – фашист әскерлерінің асау ағынды Днепрдің оң жағалауына мықтап табан тіреп, бекінген кезі болатын. Кеңес командованиясының ұйғарымымен құрамы жүз адамнан тұратын десантшылар тобы жасақталды. Топ алдына өзеннің оң жағалауына өту, сөйтіп жау плацдарымын иелену арқылы оны негізгі күш келгенше ұстап тұру тапсырмасы қойылды. Бұл маңызды шарамен 333-ші атқыштар дивизиясының командирі, генерал-майор Голосковтың тікелей өзі шұғылданды. Десант құрамына көздеуші (наводчик) Иван Васильевич, старшина Николай Харитонов басқаратын батарея жауынгерлері де енді. Олардың қатарын жаяу әскерлер, пулеметшілер мен минометшілер, саперлер, толықтырды.

Ызғарлы желтоқсан айының айсыз қараңғы түні. Түн жарымынан ауа десантшыларға арғы жағалауға өтуді бастауға белгі берілді. Бірнеше қайық және қолдан жасалған салдың көмегімен олар епті қиылдап, өзеннің асау толқындарымен айқасып, оң жағалауға қарай жүзе бастады. Қас қылғандай өзеңнің орта шеніне жете берген тұста дұшпан прожекторының жарығы ойқастап, ізінше снарядтар, оқтар қарша борап кетті. Аударылған қайық, суға батқан солдаттар… Алайда «Тек қана, алға!» деген бұйрық бұлжытпай орындалуы шарт. Әупірімнің күшімен жағалауға  жетіп, табан тіреді. Зеңбірекшілерден қанды көйлек серігі Михаил Голяков екеуі ғана тірі қалыпты. Егіліп тұратын уақыт жоқ. Зеңбіректі қалтарыстау жерге орнаттып, ертеңгі болатын кескілескен шайқасқа дайындалды. Зілбатпан снарядты таситын да, оны оқтайтын да, ататын да өздері. Бір адамның жүзге татитын тұсы осы шақ еді.

Көресінің көкесін ертеңіне таң атқаннан кейін көрді десек асыра айтқандығымыз емес. Ашуға мінген, өңмендеген жау жағының десантшылар тобына үсті – үстіне шабуыл жасап, жоймақшы болған әрекеттерінен түк шықпады. Ал қаһарына мінген Иван Васильевич пен Михаил Голяковтың 76 миллиметрлі зеңбірегі от – жалынын шашудан бір тынбады. Олар өздері мықтап бекінген шептерін алты тәулік бойы, яғни кейінгі жақтан негізгі күш келіп жеткенше тапжылмай ұстады. Сәл кейінірек мәлім болғандай, олар сол жолы жаудың үш танкісін, бронетрансортерін және снаряд тиелеген жүк машинасының күлін көкке ұшырған екен. Ал жер құшқан фашист солдаттарының есебі алынған жоқ. Ерен ерлік ескерусіз қалған ба? 1944 жылдың 22 ақпанындағы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Иван Косенковке Днепр өзенінен өткен кездегі ерлігі үшін Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді.

Ия, осыдан 62 жыл бұрын Кеңестер Одағы атанған Ұлы державаның басына күн туып, өмір мен өлім белдескен тұста Отанымыз жастық шағын отқа ораған Иван Косенков сынды қазақстандық ержүрек батырлардың қаһарман ерлігі арқасында фашизмді тізе бүктіріп, ұлы Жеңіске қол жеткізгені аян. Содан не керек, 1945 жылдың мамыр айының соңында кескілескен ұрыстың бірінде алған ауыр жарақатына орай әскер қатарынан босатылып, Семей қаласындағы госпитальге емделуге жіберілді. Соғыс алған жара тегінде оңай болмады. Иван Васильевич әскери госпитальде үш жыл жатып емделді. Туған – туыстарымен қайта табысты. Антонина Васильевна атты  арумен көңіл жарастырып, дәрігерлердің берген кеңесі бойынша денсаулығы үшін қоныс аударып, 1946 жылдан бері Үштөбе қаласында тұрып келеді. Мінеки, Талдықорғандық, онда да Қараталдық атанғанына да табаны күректей 58 жыл болыпты.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s