Бұлтбайұлы Смағұл

7Ұлы Отан соғысының
ардагері
1922 жылдың 15 шілдесінде Қаратал ауданының Қарашеңгел ауылында ьдүниеге ткелген. Енді ғана үлкен ӛмірге қадам басқан жас жігіт сұрапыл соғыс ӛртіне ілікті. Елді қорғау мәселесі бірінші орынға шықты. Кӛп ұзамай әскери комиссариатқа майданға бару жӛнінде ӛтініш білдірді.
Ӛтініш қабыл болып, 1941 жылы желтоқсан айында әскер қатарына шақырылды. Алматы қаласында жасақталған 100 –бригадаға қабылданып, автомат бригадасының командиры болады. 1942 жылдың 24 ақпанынан бастап Алматыдағы әскери-жаяу әскерлік училищеде офицерлер дайындайтын курста оқиды.
1942 жылы курстан соң кіші лейтенант атағын алып , Ақмоладағы әскери полкке бӛлімше командиры болып жіберіледі. 1942 жылы желтоқсан айында Волохов майданына аттанып, 18 желтоқсанда соғысқа кіреді. Батальонда минометті взводтың командирі болып жүргенде косомолға, содан кейін партияға қатарына ӛтеді. Ұрыста қараталдық майдангер ӛзінің нағыз қазақ жауынгеріне тән қайсарлығы мен тӛзімділігін байқата білді. Қол астындағыларға әділдікпен қарап, оларды әрқашан жеңісті жорықтарға бастай білді. Майдан даласындағы ерліктері ескерілмей қалған жоқ. Командирлер тарапынан алғыстар алып, «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен және тағы да басқа медальдармен марапатталады.
1943 жылы тамыз айында лейтенант Смағұл Бұлтбаев ауыр жараланып, госпитальға түседі. 1944 жылдың ақпан айында мүгедектік алып, елге оралады.
Мүгедек болып оралдым деп қарап отырмай , туған ауылындағы шаруашылық жұмыстарына қызу араласады. Зейнеткерлікке шыққанға дейін «Кәлпе» совхозында ауыл шаруашылық саласында еңбек еткен. Еңбек демалысына шықса да еңбек ұжымдарында , білім мекемелерінде кездесулерге қатысып, әкелердің ерлік, еңбек жолдарын жастарға үйретіп отырды. 1944 жылдан осы күнге дейін Қарашеңгел ауылында тұрады.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s