Ахметшинов Тұрарбек

Ұлы Отан соғысының ардагері

Ахметшинов Тұрарбек
1924 жылы 1Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылталап ауылында туған. Ағынды Ақсудың бойында туған азаматтың арманы көп еді. Білім алып, туған жерді гүлдету ниетін бір-ақ күнде соғыс деген қаралы хабар бұзып кетті.
Қатардағы жауынгер Отан алдындағы борышын өтеуді 1942 жылы сол кездегі алып империя КСРО-ның астанасы Москва қаласы түбінде бастады. Өйткені Москваны қорғау бүкіл Отанды қорғау мен бірдей болды. Жауынгерлерге үлкен жауапкершілік жүктелді. Осыны терең түсінген қазақстандық жауынгер ұрыстарда өзін тек жақсы қырынан танытып, батырлық пен қайсарлық көрсетіп, қол басқарып жүрген командирлерінің алғыстарына ие болды.
1943-1945 жылдары 143-жеңіл артелериялық полктың құрамында ұрыстарға қатысты. Әрине, соғыстың аты соғыс, мұнда бір күннің өзі адам ғұмырымен парапар. Немістермен кескілескен айқаста ВАршава қаласын азат етуге қатысты. Соғысты Тұрарбек Ахметшинов Берлин қаласында аяқтады. Жеңістің салтанатын көзбен көрген жауынгер фашистік Германияның Кеңес әскерінің алдында тізе бүккенін осы күнге дейін жастарға жыр ғып айтады. Жеңіс жалауы тігілсе де, майдангер әскери қызметін жалғастырып, елге 1947 жылдың сәуір айында оралды.
Соғыстан келгеннен кейін зейнеткерлікке шыққанша Ақсу ауданындағы «Қызыл ту» совхозында шопан болып жұмыс істеді. Майданда көрсеткен жеке жауынгерлік батылдығына сай «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Кіндігінен тараған 11 бала қазіргі кезде тәуелсіз Қазақстанның халық шаруашылығының әртүрлі салаларында еңбек етуде.
Ардақты ардагер бүгінде Қаратал ауданы Үштөбе қаласында тұрып жатыр. Өсіп- өнген ұрпақтарымен заманның қызығын көріп отырған Тұрарбек ақсақал атар таңның бейбіт атқанын тілеп жүрген асар таудай ата, бір әулеттің басы.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s