Қазтаев Сатыбалды

Рисунок1Талдықорған  ауданында 1939-жылы дүниеге  келген. Қараталдың  Елтай  ауылында тұрған. Одан Тастөбе ауылындағы  Жамбыл орта мектебінен он жылдықты үздік тамамдап,  1957 –жылы Алматының малдәрігерлік институына түседі . 1962- жылы «Қаратал» совхозының «Ұмтыл» бөлімшесінде ферма зоотехнигі лауазымында еңбек   жолын бастаған  Сәтекең еңбектің қара  қазанынан қойып келеді. Жас маман үлкендерден , тәжрибелі мамандардан үйрене жүріп, ысылады. Білмегенін сұрап алып, ізденуден  жалықпайтын  ол «Қаратал», «Абай» совхоздарында бас зоотехник, порторг, директор болып қызмет атқарды. Осы екі шаруашылықтың ыстығына күйіп , суығына тоңды . Мектеп қабырғасында , кейіннен  институтта  жүргенде өлеңдері «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде. «Мәдениет  және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында жарияланды. Жастар газетінде топтама өлеңдері беріліп, сәт сапар тіледі. Ақынның «Ұрпақтарға ұлағат», «Өмір өткелдері» , «Кезең  Келбеті», «Ұрпақ үні» деген кітаптары жарық көрді. «Шабыт», «Мөлдір бастаулар»   деген өлеңдер жинағына шығармалары жарық көрді. Ол Абайдың, Ілияс Жансүгіровтің, Нұрмолда Алдабергеновтың, Бақтыбай ақынның және басқалардың  мерейтойларына   арналған мүшәйраларда  әлденеше рет  жүлдегер атанған.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s