Тоқаев Кемел

imgpreviewТоқаев Кемел (2.10.1923, Қаратал ауд. – 6.10.1986, Алматы қ.) – жазушы, Ұлы Отан соғысына қатысқан. ҚазМУ-ді бітірген (1948). 1953-58 ж. «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде жұмыс істеді. 1966-77 ж. ҚазКСР Жоғары Кеңес ведомостволарының бас редакторы, 1980-84 ж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі. «Жұлдызды жорық» (1954), «Тасқын» (1958), «Болашақ туралы ойлар» (1965), «Көмескі із» (1955, 1958, 1972, 1975), «Түнде атылған оқ» (1971, 1972, 1976), «Таңбалы алтын» (1977) атты повестер жинақтары, «Соңғы соққы» (1981), «Солдат алысқа кетті» (1983), «Ұясынан безген құс» (1983) романдары жарық көрді. Негізгі тақырыбы кеңес чекистерінің, милиция қызметкерлерінің батылдығы, ұстамдылығы және де қазақ жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысындағы өшпес ерлігі, халықтар достығы. Тоқаев – сондай-ақ жанрда жазылған «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?», «Сиқырлы сырлар» атты пьесалардың авторы. Бірқатар шығармалары ТМД және шетел халықтары тілдеріне аударылған. Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s