Қасым хан және Қазақ хандығы

1Қасым хан және Қазақ хандығы

XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының өрлеуін тарихшылар Қасым хан есімімен байланыстырады. Қасым хан Дешті Қыпшақты түгелдей өз билігіне алғаны соншалық, Жошы ханнан соң ешкім де ол сияқты (мұнда) жоғары билікке кол жеткізе алған жоқ, — деп көрсетеді Мұхаммед Хайдар Дулати.

Халық «Кіші Жәнібек» атаған ханның (Қадырғали би Қосымұлы) ұлы Қасым хан (1511—1518/1523 жылдары) елді басқаруда қазақ жұрты арасында орныққан іргелі ата салт-дәстүрді, жол-жобаны берік ұстанды. Оның тұсында ішкі қоғамдық қатынастарды қатаң белгілі бір жүйеге түсірген Қасым ханның қасқа жолы атты қалың бұқара мойындаған заңдар жинағы өмірге келді. Ханның мемлекеттікті нығайтуға бағытталған бұл шаралары түрлі әлеуметтік топтардың қолдауын тапты, халықтың күнделікті тіршілігіне тұрақтылық берді. Өз ретінде ішкі тұрақтылық мал басының өсуіне, қолөнер және егіншілік аудандары мен көшпелі мал шаруашылығындағы елдің арасында табиғи өнім алмасуы мен саудаға жол ашты.

Қазақ хандығының нығаюына алып келген Қасым ханның бұл шаралары көрші елдер арасында да кеңінен мәлім болды. Моғол хандары Қазақ хандығымен тату болуға ұмтылды. Жоңғарлар Қасым хан тұсында қазақ жеріне жорыққа аттануға жүрексінді. Батыстағы Ноғай ордасының біраз бөлігі ел ішіндегі берекесіздіктен қашып, Қазақ хандығына келіп паналады.

XVI ғасырдың екінші онжылдығында Қасым хан өз билігін кең-байтақ қазақ даласының басым бөлігіне орнатты. Бұл кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жағасына жетіп, Түркістан аймағындағы қалалардың біразын қамтыды, оңтүстік-шығыста Жетісудың тау етектері мен жазықтары, солтүстік және солтүстік-шығыста Ұлытау және Балқаш көлі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларының сілемдеріне жетіп, солтүстік-батыста Жайық өзенінің аңғарына дейін созылды. Міне, осы аумақ көлемінде тұтас бір халыққа үю және мемлекетке бірігу қарқынды жүрді, мемлекет халқы 1 млн-нан асып, атты әскері 300 мыңға дейін жетті.

Қасым хан тұсында Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде халықаралық қатынасқа араласа бастайды. Онымен алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынас жасаған — Мәскеу мемлекеті. Қарқынды даму жолына түскен Қазақ елі туралы мәлімет Батыс Еуропаға да жетті, Мәскеуде бірнеше мәрте болған (1517 және 1526 жылдары) австралиялық дипломат Сигизмунд Герберштейн өз жазбаларында қазақтар жөнінде мәлімет берді.

Қасым ханның қызметі мен өлімі жөнінде Қадырғали би: Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ол Жаған бикеден туған еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысында патшалық етті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қаратты… Ақыры Сарайшықта өлім тапты. Бүгін оның қабірі Сарайшықта. Оның ұлы Хақназар хан Ханық сұлтан-ханымнан туған, ал ханның бауыры Қанбар сұлтан барлық жағдайда Қасым ханның жанында болды. Әскерінің қолбасшысы. Оның ұрпағына патшалық тимеді, — деп жазды.

Қазақ хандығы XVI ғасырдың 20—40-жылдарындағы

 аласапыран тұсында

Қасым хан өлген соң, таққа оның ұлы Мамаш отырды. Бұл ханның билігі кезіндегі оқиғалар жөнінде мәлімет жоқ. Мамаш хан бір шайқас кезінде өзінің ауыр сауытына тұншығып қайтыс болады. Хандықта аласапыран кезең басталады. Сұлтандар арасындағы билік үшін болған талас-тартыстан соң таққа Қасым ханның немере інісі Таһир отырады. Бұл, шамамен, 1524 жылдың төңірегі. Таһир хан мемлекет басқару ісінде жоғары кабілет таныта алмайды. Ең негізгісі — хан мен ел билеушілер арасында өзара түсінісу болмады. Қадырғали би ол жөнінде: Таһир хан біраз күн хандық құрды, бірақ патшалық сырын білмеді, — дейді.

Сыртқы саясатта Қасым хан тұсындағы ноғайлармен арадағы жылы қатынас әскери қақтығыс ұласты, ал Ташкенттің билеушісі Келді-Мұхаммедпен түсінісе алмаған Таһир хан Түркістан маңында өзбектермен болған қанды шайқаста жеңіліс табады. Осы уақытка дейін Моғолстан хандарымен арадағы жарасымды қатынастың да шырқы бұзылады. Бірақ басы ашық бір нәрсе — сол Таһир хан көрші қырғыз елімен одаққа келіп, Жетісу мен Ыстықкөл аймағын моғол және қалмақ шапқыншылығынан қорғап қалуға көп күш жұмсайды.

Халқынан айырылған Таһир ханның өмірінің соңы жоқшылықта қырғыз жерінде өтеді. Шамамен 1532 жылы қаза болған ханның соңында азып-тозған хандык калады.

XVI ғасырдың 30—50-жылдары қазақ және қырғыз одағының Жетісу мен Ыстықкөл аймағы үшін жүргізген күресін Таһир ханнан соң оның інісі Бұйдаш хан жалғастырады. Бұл кезде бірнеше хандыққа бөлініп кеткен қазақ жерінде Бұйдаш ханнан басқа Тоғым және Ахмет сұлтандар хандық кұрды. Тоғым хан мен Бұйдаш ханның қызметі, негізінен, Жетісу мен Сырдария өңірін моғол және өзбек хандарының шапқыншылығынан сақтап қалуға жұмсалды.

Өкінішке орай, бұл кезеңдегі қырғыз бен қазақ қолдарының басқыншыларға қарсы ерлік күресі өте ауыр шығынмен аяқталады. Мәселен, шамамен, 1537 жылы біріккен моғол-өзбек қолдарымен болған қанды ұрыста Тоғым хан тоғыз ұлымен, бауыры Мәлік сұлтанның ұлы Башибек сұлтан, тағы басқа қазақ-қырғыз қолдарын бастап келген 37 сұлтан апат болады.

Ал Ыстықкөл маңында Ташкент билеушісі Дервіш хан бастаған өзбек қолдарымен болған ұрыста 1550—1560 жылдары Бұйдаш хан қаза табады. Басқа әдіктен тарайтын жиырма төрт сұлтан және көп қазақ-қырғыз жауынгерлері қырғынға ұшырайды. Бірақ қалай болғанда да Моғолстан мен Мәуереннахр билеушілері Абд-ар-Рашид хан мен Ұбайдолла ханның Жетісу мен Ыстықкөлге орнығу әрекеті ойлағандай нәтиже берген жоқ. XVI ғасырдың 20-жылдары қалыптасқан қазақ-қырғыз одағы бұл шұрайлы аймақты қорғай алатын күш бар екендігін таныта білді.

XVI ғасырдың 30-жылдары Орталық Қазақстан үшін Ахмет ханның жүргізген күресі сәтсіз аяқталды. Ахмет хан маңғыт Орақ батырдың қолынан қаза тауып, бұл өңірдің біраз бөлігі ноғайлардың билігіне өтеді.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s