Жәңгір-Керей хан

Бөкейұлы Жәңгір хан (18011845) — Кіші жүздің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Оның шын аты Жиһангер.

Әкесі Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы елін әуелі сұлтандық дәрежеде басқарады да, кейін орыстың қазақ хандықтарын бөлшектеп, әлсірете беру саясатына орай 1812 жылы хан атағын алады. Бірақ ол хандықтың қызығын көп көре алмай, 1815 жылы қайтыс болады. Хан тағы мұрагерлік жолмен Бөкейдің артында қалған үш баласының үлкені сыртта Астраханьгубернотары Андреевскийдің үйінде оқып жүруіне байланысты, ол ер жетіп, оң солын жете танығанша билікті Бөкейдің інісіШығай сұлтан қолға алады.

Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленіп, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйреніп келген жас жігіт 1823 жылдан бастап билік тізгінін өз қолына алғаннан кейін, патша өкіметінің саясатын бұлжытпай орындап, Батыс Қазақстанда жүзеге асырушы қуыршақ ханның бірі болады.

Ішкі Орданың іргесі бекіп, ішкі әлеуметтік — шаруашылық жағдайы қалыптасып, нығайған тұсы 1823 — 1845 жылдарыЖәңгір хан басқарған кезең болатын. Көзі ашық, көкірегі ояу, орыс, татар, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген Жәңгір Ресей үкіметінің көптеген наградаларымен марапатталып, алтын тәжбен безендірілген I дәрежелі Әулие Анна орденініңкавалері атанып, генерал — майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш қазақ ханы.

Жәңгір 1824 жылдың күзінде Орынбор муфтиі Мұхамеджан Хусейновтың қызы Фатимаға үйленеді. Фатима европаша білім алған, тілдерді жетік меңгерген, би, музыкаға жақын болатын.

1826 жылы хан Жәңгір жұбайы Фатима ханшамен Орыс патшасы Николай I-нің таққа отыру рәсіміне шақырылады. Мәскеу қаласында өткен салтанатта Фатиманың білімділігі мен мәдениеттілігіне орыс интеллигенциясы, Фатиманы биге шақырған Николай патшаның өзі де, оның орысша таза сөйлеп, билегеніне тәнті болады.

1827 жылы Жәңгір хан патшаға ерекше шеберлікпен жасалған киіз үй сыйға тартады. 1829 жылы императрица Александра Федоровна Фатима ханшаға бразилия топаздарымен безендірілген алтын диадема, тарақ және сырға сыйлайды.

Жәңгір билік еткен кезде ЕділЖайық өзендері мен Каспий теңізінің жағалауындағы жерлерді қазақ шаруаларының пайдалануына тиым салынады. Олардың бұл өңірлерге мал жаюға, балық аулауға қақылары болмайды. Бұған салықтың көбеюі мен бөлісінде шаруалар үлесінің кемуі келіп қосылды да, осының бәрі жиылып келіп,Бөкей ордасында Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісінің тууына әкеп соғады.

Жәңгір хан өзі билік құрып тұрған кезде елді отырықшылыққа көшіру, мектеп ашып балаларды оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Ол ашқан мектептен білім алған алғашқылардың бірі белгілі қазақ этнографы, Орыс география қоғамының қызметкер мүшесі Мұхаммед Салық Бабажанов бұл ретте былай деп жазады: …ханның ықпалымен және жанашырлығымен Ордадағылар білімнің қажеттілігін сезіне бастады. Шәкірттер мен мұғалімдерді ынталандыру үшін марқұм хан ақшасын да, өзінің ынтасы мен ордалықтарға оқу білімнің пайдасы жөнінде түсіндірмек болған ынтасын да аямады. Өзінің сарайында мектеп ашып, 60 адам ислам діні, орыс жазуы және тіл жөнінде дәріс алды. Бұл мектеп сарай маңында осы күнге дейін «Жәңгір мектебі» деп аталып келді. Ондағы 30 бала Орданың шаруашылық қаржысы есебінен білім алуда.

Кезінде Жәңгірдің өзі де Қазан университетінің кітапханасына арабпарсытүркі тілдерінде жазылған маңызды қолжазбаларды сыйға тартады. Оның ағартушылықты таратуға деген еңбегін құрметтеп, 1844 жылы университеттің ғылыми кеңесі Жәңгірді «Қазан университетінің құрметті мүшесі» етіп сайлайды. Жәңгір орыс басылымдарын, газет-журналдар, әртүрлі кітаптар алдырып, бай кітапхана қорын жинақтаған. Оның үйіндегі жеке кітапханасында «Северная пчела», «Отечественные записки», «Современник» басылымдары, Шинкелдің «Архитектура XIX ст.», Гогольдің «Мертвые души» кітаптары болған.

Жәңгір хан бойында жақсылығы мен жамандығы жарыса өріліп, атқарған ісінен орайына қарай осының екеуі де көрініс беріп тұратын күрделі тұлға. Жақсысын көріп, асқақтатып, аспанға шығармай, жаманын көріп, жатқа санап, жарға итермей, адамгершілікті биік парасаттылықпен тарихи бағасын берер кез енді келді деп білеміз. Қалайда Жәңгір ханның халқымыздың тарихында өзіндік орны бар екені ешқандай дау тудырмаса керек.

Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Бөкей ордасындағы хан өкіметі жойылып, басқару жүйесі қайта құрылды.

 

 

 

 

 

Тоғым хан қазақ ханы

Тоғым хан —қазақ ханы. Туған жылы белгісіз, 1537 жылы 27 шілдеде болған ұрыста қаза тапқан. Тоғым хан — әз-Жәнібектің немересі, Жәдік Сұлтанның ұлы. Тоғым хан Қазақ ордасындағы берекесі кете бастаған билікті қалпына келтіруге күш салады. Жан-жақтан анталаған көршілерімен қорғаныс соғыстарын жүргізе отырып, елінің әскери қуатын арттыруға ұмтылады. Тайыр ханның тұсында Қазақ ордасына қарсы өзбек ханы Ұбайдолла мен моғол ханы Рәшид жорыққа шығады. Түбі бір түркілер өзбек-моғолдар мен қазақ-қырғыздың 1537 жылғы 27 шілдеде Ыстықкөлдің шығыс бетіндегі Сан-Таш деген жерде үлкен соғысы болады. Осы қиян-кескі ұрыста қазақ-қырғыз әскері түгел қырылады. Тоғым хан бастаған 37 сұлтан мен оның ержүрек тоғыз ұлы да осы соғыста қаза табады. Сан-Таштағы соғыс – Қазақ ордасы әскери тарихындағы ең қаралы оқиғалардың бірі. Тоғым ханның туған інісі Шығай ханның ұлы Еңсегей бойлы ер Есім хан қазақ-қырғыздың қаншама ержүрек жауынгерлері шейіт болған Сан-Таш аңғарында ұлан-асыр ас беріп, биік қорым үйгізген. Тоғым хан Қазақ ордасында 1533-1537 жылдар аралығында билік құрған. Алаштың Ұлы хандар қатарында ауызға көп ілінбей, ұлтқа сіңірген ұлы істері жете бағаланбай келе жатқан арда тұлғалардың бірегейі де Тоғым хан екендігі хақ.

 

Сонымен, қазақ хандығын 1533-1537 жылдары билеген Тоғым хан – Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы Жәдік сұлтанның баласы. Қадырғали Жалайыр Тоғым ханның ұлдарын тоғыз сары деп атайтын деп жазады. Аталған қазақ тарихшысынан басқа ешбір ортағасырлық автордың еңбектерінде Тоғым хан туралы айтылмайды. «Мәлік ұлы Башибек сұлтанмен, тоғыз сары ұлдарымен Жағат уалаяты маңында шаһид болды. Отыз жеті сұлтан мәлім-мәшһүр еді», – деп баяндайды Қадырғали Қасым ұлы. Өкінішке орай, аталған деректе Тоғым ханның 3-7 сұлтанмен бірге қаза болған ұрысының уақыт, кіммен ұрысы, жеңімпаздық есімі айтылмайды. Сол себепті де бұл мәлімет әлі күнге дейін зерттеушілер арасында талас тудырып отыр. Олардың пікірінше, Жағат – шағатай сөзінің қысқартылған түрі, жағат – белгілі бір жердің атауы; жағат — сібірдегі көшпелі халықтың аты. Сондай-ақ, Тоғым ханның кіммен шайқасқандығы және оның қашан болғандығы жөнінде де әртүрлі пікірлер бар. Көпшілік ойлар негізінен, шайқасты 1537 жылы қазақ-моғол қатынасында, Тоғым хан мен Рашид хан арасында болған деп болжайды. 1997 жылы шыққан 5 томдық Қазақстан тарихының ІІ томында бұл жөнінде: «… Бұл шайқас, қазақтар жеңіліс тапқан Тоғым ханның ұрыстарының бірі, бірақ ол 1537 жылғы қазақ-моғол қатынасына қатысы жоқ», – деп түсіндіріледі. Тарихшылардың айтуынша, Тоғым хан қаза тапқан Жағат уәлаяты – Амударияның төменгі ағысы бойындағы осы аттас қамал және қамал төңірегіндегі өңірлер болуы мүмкін. Мұнда XVI ғасыр басында шайбанилық әулеттің бір тармағының өкілдері билік басына келеді. XVІІ ғасырдағы Әбілғазы хан — осы әулеттің көрнекті өкілдерінің бірі. Жалпы, Хорезм билеушілері мен Дешті Қыпшақ билеушілері арасындағы саяси қарым-қатынастардың басты себебіне – Сырдың төменгі ағысы бойына иелік ету жатқаны белгілі. Мысал ретінде, ХІІІ ғасыр басындағы Мұхаммед Хорезмшах пен Қыпшақ хандары арасындағы қарым-қатынасты, XV ғасырдың 30-шы жылдары Әбілқайыр ханның Хорезмге жорығын айтуымызға болады. XVI ғасырдың 20-30-шы жылдары да бұл қатынас үзілмеген. Сондай бір күрестің бірінде Тоғым хан Хорезм жақтағы Жағат уалаятында 37 қазақ сұлтанымен бірге қаза тапқан дейді. Жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақ хандығы үшін XVI ғасырдың 20-30-шы жылдары «уақытша әлсіреу» кезеңі болып саналады. Бұл кезеңнің тағы бір белгісіне – саяси бытыраңқылық жатса керек. Өйткені осы тұста Қазақ хандығында бірнеше хан бір мезгілде, бірнеше аймақта билік етеді. Оңтүстік-Шығыс бөлікте – алдымен Тақыр, одан кейін Бұйдаш хандар билікте болып, негізінен моғолдармен, қалмақтармен қарым-қатынаста болса, батыс бөлікте – Ахмет хан ноғай тайпаларымен күрес жүргізеді. Ал оңтүстік бөлікте Тоғым хан билеуші боп, негізінен Мауреннахрдағы және Хорезмдегі шайбанилар әулеттерімен қатынастар жасайды. «Уақытша әлсіреу» кезеңіндегі саяси бытыраңқылықта бір мезгілде Қазақстанның үш өңірінде үш билеуші билік етеді. Бұл XVІІ ғасырдағы үш жүздің пайда болуына алғышарттар әзірлеген деп білеміз.

 

 

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s