ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ЗОБАЛАҢЫ

29 мамыр күні аудандық саябақта 31 мамыр ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай аудан көлемінде қаралы митинг өтті.
Шара басталмас бұрын жиылған жұрт жазықсыз жапа шеккен, аштықтан қырылғандарға арналған ескерткіш алдында гүл шоқтарын қойды. Ал ауданымыздың бас имамы Әбудардан Таласбай жұрт алдын-да арнайы құран бағыштады.
Митингіні Үштөбе қаласzulmat zhyldarының әкімі Қанабек Есботанов жүргізді. Аудан әкімінің орынбасары Күлпаш Байтаева сөз алып, жазықсыз қудаланған халқымыздың сол кездегі қиыншылықтарын айтып өтті. Кейіннен осы зобалаң жылдарды басынан өткерген Болатқали Жұлынов пен Михаил Чен жүрекжарды естеліктерін халыққа жеткізді. Өлкеміздің өлкетанушысы, журналист-жазушы, ауданымыздың құрметті азаматы Қараша Қараман сол жылдардағы қиын қыстау кезеңге көз жүгіртіп, тарихи маңыздылығын дүйім жұртқа тереңінен жеткізді. Митинг Қаратал аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Зұлмат жылдар зобалаңы» атты әдеби-фото монтажға ұласты.
Шараның бірінші бөлімінде сахнаға ойға тұнық, сөзге мығым ер мінезді жігіттер, атап айтсақ, Пушкин атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушылары Адал Серубай мен Ербол Уалиев, табиғи дауыстары ерекше, көздері мөлдіреген, пейілдері ақ жібектей қыздарымыз, 10-сынып оқушылары Салтанат Байбоcынова, Гауһар Қыдырбаева, № 13 орта мектептің 8 сынып оқушылары Айзат Тұрысбекова, Аружан Нұртілеу, 7-сынып оқушысы Аружан Рахимберлинова, № 51 С. И. Морозов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушылары Виктория Мутерко, Анита Ким, Евгения Кимдар ұсынған өлең шумақтары жиылған қауымның жүрегін сыздатты.
Екінші бөлімде қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларымыздың портреттерін ұстап, сол кісілер жайлы деректер мен фактілерді жиылған қауымға аудандық кітапхананың кітапханашылары ұсынды. Әдеби  фотомонтажды көпшілік қауым әсерлі қабылдады. Шараға атсалысып, мектеп оқушыларын дайындаған А. С. Пушкин орта мектебінің кітапханашысы Райхан Бердахметова, № 13 орта мектебінің кітапханашысы Ақмарал Үркімбаева, № 51 С. И. Морозов атындағы мектептің ұстаздары Зинаида Медведева, Наталья Оголеваларға алғысымызды білдіреміз.
Гүлшат СЕМБЕКОВА,
Қаратал аудандық кітапхана директоры.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s