Астана күні

3 113-шілде күні аудандық кітапханада Астана күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік түндігі –Астана» тақырыбында таным сағаты өткізілді.

6 шілде күні Үштөбе қаласының саябағында  « Жасай бер, жайна – Астанам » атты көрме-шеру өткізілді. Көрме шеру Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі, ару қала Астанамыздың туған күніне арналды. Көрменің «Тарихы бар қазыналы мекен» бөлімінде астананың өткені мен бүгіні жайлы ақпараттар жинақталса, «Астана – Елбасының ерлігі» бөлімі еліміздің мақтанышына айналған Астананың әлемді тамсандырған әсем қалаға айналуы үшін Президенттің сіңірген еңбегімен жан-жақты таныстырады.

Астана күніне орай аудандық балалар кітапханасында  «Әсем қала, ару қала Астана» әдеби монтаж өткізілді. Шара барысында кітапханашылар  оқушыларға  еліміздің бас қаласы — Астана туралы мәлімет берді. Бұл шарада оқушылар  Астана жайлы өлеңдерді жатқа оқып,  гүлдерден «Байтерек», «Пирамида» компазицияларын жасады.