Қаратал аудандық кітапханасында 25 тамыз күні ҚР Конституциясы күніне орай «Конституция — саяси тұрақытылықпен азаматтар әл –ауқаттының кепілі» тақырыбында конференция өткізілді.

Қаратал аудандық кітапх14088460_280806805635575_7848299205293566905_nанасында 25 тамыз күні ҚР Конституциясы күніне орай «Конституция — саяси тұрақытылықпен азаматтар әл –ауқаттының кепілі» тақырыбында конференция өткізілді. Іс шараға кітапхана қызметкерлері, оқырмандар барлығы 32 адам қатысты. Конференцияны аудандық кітапхананың директоры Г. Сембекова құттықтау сөздерімен ашы
п конференция бағдарламасымен таныстырып , жүргізіп отырды. Конференция барысында «Жеті жарғы-Ата заңның түп негізі» баяндамасын Тастөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы З. Чумекбаева, «Қазақтың Ата заңы» баяндамасын Қанабек ауылдық кітапханасының кітапханашысы А. Қарлыбаева, «ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары» баяндамасын А. Жаксыбаева, «Адам құқұғы –бала құқұғын қорғаудан басталады» баяндаманы Ж. Жакупбекова оқыды. Оқырмандар мен кітапхана қызметкерлеріне баяндама бойынша сұрақтар қойылып, олар өз ойларымен бөлісті. Шара барысында «ҚР Конституциясы», «Шарананың зары» тақырыптарында бейне фильмдер көрсетілді. Көрсетілген бейне фильмдер бойынша баланың отбасындағы тәрбиесі, балалардың заң бұзушылығы, қылмыстык іске бару себептері жайлы қызу әңгіме өрбіді. Шара соңында кітапхана әдіскері Л. Шамшидинова «Жапырақтар тамырдан нәр алады» тақырыбында ата-аналарға арналған психологиялық тренинг жүргізді. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып пікір алмасты.