Қанабек Байсейітовтың «Құштар көңіл» кітабының 40 жыл толуына арналды.

Кітап айлығы аясында Қанабек ауылдық кітапханасында кітап мерекесі өткізілді. Кітап мерекесі жерлесіміз ҚР өнер қайраткері, майталман әртіс, жерлесіміз Қанабек Байсейітовтың «Құштар көңіл» кітабының 40 жыл толуына арналды. Кітап мерекесі екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде кітапханашы
А. Қарлыбаева кітапты сипаттап, таныстырып, Қанабек
Байсейітовтың өмірбаянына тоқталып өтті. Кітапханамыздың белсенді оқырманы, ауылымыздың медбикесі Ділнәр Бұлтбай кітап жайлы оқушыларға толық мағлұмат берді. Зейнеткер
Р. Бүрекбаева Қ. Байсейітов туралы естеліктерімен бөлісті. «Құштар көңіл» кітабын оқырман қауымға оқуға ұсынды.
Кітап мерекесінің екінші бөлімі «Менің сүйікті кітабым» айдарымен өтті.
Бұл бөлімде оқушылар өздеріне ұнаған көркем шығармалар жайлы ой өрбітті. Қ.Байсейітов мектебінің оқушылары: Адалбек Нұрсұлтан Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогын, Ділнұр Өмірбекова Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романын, Әни Нәбилә Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі, Ержан Гүлназ М. Әуезовтің «Көксерек» повесін талқылады. Бұл кітап мерекесінен оқушылардың алған әсері өте зор. Олар бір–бірімен кітап алмастырып, көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне кітап алып қайтты.