«Тарихтан тағлым-өткенге тағзым»

2016 жылдың 31 мамыр күні ауданымыздағы орталық саябақта «Тарихтан тағлым-өткенге тағзым» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингі өтті. Бұл жиынға аудан әкімінің орынбасары К.Байтаева, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Абақов, «Үштөбе» БПҰ төрағасы Қ.Есботанов, ауданымыздың бас имамы А .Таласбай, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиылған қауым ең алдымен ауданымыздың орталық саябағында орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап қойылған ескерткішке барып, бас имам А.Таласбай әруақтардың рухына бағыштап, құран оқып, тағзым етісті. Митинг соңында аудандық кітапхана мен Бикен Римова атындағы орта мектеп ұстазының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының орындауында әдеби фото монтаж ұсынылды.