«Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған жалпықазақстандық ашық диктант

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған
жалпықазақстандық ашық диктант

Қаратал аудандық кітапханасының оқырман залында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Этномәдени бірлестіктердің жалпымемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы бағдарламасы» іс-шаралар жоспары бойынша «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Бұл шараға ауданымыздың өзге ұлт өкілдері бірауыздан атсалысып қатысты. Шараның мақсаты — мемлекеттік тілді меңгеруге деген құштарлығын арттырып, бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, Мәңгілік Ел — патриоттық актісін насихаттау.
Ашық диктант еліміздің барлық облыстарында 2016 жылғы 18 мамырда Астана уақытымен сағат 11:00-де басталды (синхронды түрде).
Ашық диктантқа қатысушылардың сауатты жазуын тексеру бойынша комиссия құрамы бекітілді.
Ашық диктантты Алматы облысының тіл оқыту әдістемелік орталығы Қаратал аудандық филиалының оқытушысы Қайрымденова Қымбат Жамбылқызы оқыды.

Реклама