Дулат Бабатайұлы – қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алған ірі ақын.

Дулат Бабатайұлы – қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алған ірі ақын. Оның поэзиясында өз кезінің қоғамдық өмір шындығы, көкейкесті мәселелері зор ақындық қуатпен, сыншылдықпен бейнеленген. Ақын отаршылдық тауқыметін күйзеле суреттей отырып, өз бастарының қамын ойлап кеткен атқамінерлерді аяусыз
шенеді. Дулат Бабатайұлы өзі өмір сүрген уақыттың ахуал-жайын қаз-қалпында жырлаған, оған өзінің азаматтық ой-пікірін батыл білдірген күрескер ақын.
Биылғы жылдың таңдауы «Бір ел –бір кітап» акциясының жыл кітабы зар заман ақыны Дулат Бабатайұлының шығармалары таңдалған еді. Қаратал аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен қалалық саябақта «Азаттық жырының ақтаңгері» тақырыбында поэзия марафоны ұйымдастырылды. Поэзия марафонында «Тегімді менің сұрасаң», «Сүлейменге», «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға», «Еспембет» өлеңдерінен үзінділер оқылып, өмір жолы баяндалды. Оқырмандар Дулат Бабатайұлы жайлы көптеген деректер алды.