«Өрісің өркендесін-Қазақстан»

12 4520 тамыз күні «Өрісің өркендесін-Қазақстан» атты Мәдениет күні аясында  облыстық С. Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасында «Қазақ хандығы-мемлекеттің  бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып Қаратал ауданының журналист-қаламгерлерімен кездесу кеші өткізілді.

Қаратал аудандық кітапханасының оқу залында Қазақ Хандығының -550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы» атты тақырыпта  дөңгелек үстөл өтті. Шара барысында «Қазақ хандары» слайд панорама, «Қазақ елі» тақырыбында деректі видео ролик көрсетіліп, кітапханашы  «Тамыры терең тарихымыз» кітап көрмесіне шолу жасалды.

19-ақпан күні Қаражиде ауылдық кітапханасында  Қазақ хандығының  құрылғанына  550 жыл толуына   орай «Қазақ  елін біріктіруші — Абылай хан» атты тақырыпта  тарихи сағат өтті.  Кітапханашы З. Амреева қазақ  хандығының  тарихы жайлы  мағлұлмат  беріп , «Жас  өркен» клуб  мүшелері Қазақ  хандығының  негізін  салған қос сұлтан –89Керей  мен Жәнібек, Шыңғысхан , Әбілхайыр , Қасымхан   туралы мәліметтерді мәнерлеп жатқа  оқып көрермен назарына  ұсынды. Соңынан ауыл тұрғындарымен  «Ұлы-Абылай»  атты  драмалық  койылым  қойылды.