Ата Заңға 20 жыл

 

21 та7мыз күні облыс орталығы Талдықорған қаласында  8 аудан 1 қаланың мәдениет күндері өтті. Осы мәдениет күндеріне Қаратал ауданы да атсалысып , ауданның мәдениетін , өнерін, аудан экономикасын көрсетті. Аудандық кітапхана кітапханашылары «Алтын арқау-Ата Заң» атты тақырыпта «Жастар» кешенінің алдына тігілген 12 қанатты төрт қазақ үйдің біреуіне Конституцияның 20 жылдығына арналған  Ата Заң отауын   ұйымдастырды. Отауға мемлекеттік Рәміздер, үлкен көлемде макет қылдырып жасалған  Конституция кітабы қойылды.  Сол күні облыс әкімі А. Баталов пен әкім орынбасарлары Ата Заң отауының құрметті қонағы болып көрмемен танысты.  Кітапханашы А. Жақсылықова көрмеге библиографиялық шолу жасады.